«Адалдық дүкені»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ-де 2019 жылдың 02 қыркүйегіндегі  №389 “Адал ұрпақ” патриоттық еріктілер клубын құру туралы бұйрығы шықты. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі ретінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Койтбаева Зоя Абдигаппаровна бекітілді. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері 17 қазан күні «Адалдық дүкенін» ұйымдастырып өткізді. «Адалдық дүкені» іс-шарасының басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.