«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп
клубының атқарған жұмыстары. Мектебімізде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға
жәрдемдесетін және қатысатын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, жұмыс
жасауда.
Ұйымда 67 бала мүшелік етеді, ұйым
құрамында 5 – 11 сынып оқушылары. «Адал
Ұрпақ» еріктілер клубын педагог – ұйымдастырушылар Бақытова А.Б., Өсіп Е.Қ.,
Аканбаев Б.Н. жүргізеді. ДТІЖО Алтай Қ.Т қадағалайды.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп
клубының негізгі міндеттері:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетті қалыптастыру;
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды
көтермелеу;
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс – шараларды ұйымдастыру;
Жоспарға сәйкес іс – шаралар, ұйым мүшелерінің отырыстары, пікір
–сайыстар, практикалық сабақтар жүргізіліп отырылады.
Атап айтқанда: ай сайын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің құрамын
жинақтау кезекті отырыстары. Отырыс барысында клуб жұмысының мақсат – міндеттері
түсіндіріліп, жүйелі жоспар жасалды. Бұл әрине, бүгінгі буынның келешегі кемел
болуына жасалған нақты қадамның сәтті бастамасы.
Қыркүйек айындағы алғашқы
отырыс педагог – ұйымдастырушы
қосымша білім беру мұғалімі Бақытова Айгерімнің жоспарлауымен өтілді. Отырыста 2017 – 2018 оқу жылында атқарылған іс –шаралардың есебі
беріліп, ұйым мүшелерімен талданды. 2018 – 2019 оқу жылына арналған жұмыс
жоспары жасалынды. Қыркүйек айының 10 күні «Мирас» мәдени үйіне «Адал ұрпақ»
ерікті мектеп клубының 12 оқушысы концерттік бағдарламаны тамашалауға және
соның ішінде 2 оқушы концертке қатыстырылды.
Қазан айында «Адал Ұрпақ»
ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен азаматтылыққа, отансүйгіштікке, сыбайлас
жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу
мақсатында «Парасатты азамат» бұрышы жасалынды.
Қазан айының 5 күні өткен қалалық «Менің –
Қазақстаным!» атты үздік сурет байқауына «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының
мүшелері 11 «А» сынып оқушысы Макашева Камила, 11 «Б» сынып оқушысы Шегенова
Марияш белсене қатысты. Бұл біз үшін үлкен жетістік.
Мектебімізде қараша айында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен
және 10 сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты парызымыз» атты
практикалық сабақ өтті. Қамтылған бала саны 30.
Желтоқсан айында «Адал
Ұрпақ» ерікті мектеп клуб мүшелерімен «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікір
талас (дебат) өтті. Қамтылған бала саны 15 оқушы. «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы
өз жұмысын жыл бойы жоспар бойынша жүргізіп отырады.