Әдістемелік бірлестік тақырыбы: Оқытудың жаңа технологияларын биология, химия пәніне пайдалана отырып, мәдениетті, экологиялық сауатты, белсенді, шығармашылыққа бейімделген тұлға қалыптастыру.

Мақсаты:

Пәндік материалдарды әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейін ескере отырып, жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалану арқылы қабілетін дамыту, ғылыми негізде түзілген бағдарлама бойынша оқытудың тиімділігін арттыру.

Міндеті:

1. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны қолдану

2. Педагогикалық тәжірибені оқыту және дамыту

3. Мұғалімдердің үздіксіз білім алуын және жоғары деңгейлі кәсіптік шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру

4. Дарынды оқушылармен жұмыстың түрлерін айқындай түсіп нығайту

5. Мұғалімдердің тұлғалық жетілуіне жағдай жасау     

Күтілетін нәтиже:

1. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген білімді педагог

2. Ақпараттық – коммуникациялық құралдардың көмегімен жүргізілген сан

алуан жұмыстардың нәтижесі