“Ана тәрбиесі -қыз балаға үлгі”🌹🌹🌹

2 ші ақпан күні 5 “А”, 5“Б” сыныптарының аналарымен “Ана тәрбиесі -қыз балаға үлгі” атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: қыз балаларды тәрбиелеуде үлкен мән, үлкен жауапкершілік бар екенін ұғындыра отырып, тән сұлулығы мен жан сұлулығы тәрбиеде екендігін түсіну.
Ол жерде балалар өз аналарына өлең жолдары мен ән арнады. Аналармен балалардың қарым-қатынасын анықтауға арналған ойындар мен тренинг өткізілді.
1 ойын. «Қызықты сұрақтар» ойыны.
Мақсаты: аналардың өз балалары жайлы қаншалықта жақсы білетінін, өз баласымен қаншалықты сырласатынын анықтау.
2 ойын.  «Құшағыма кел» ойыны.
Мақсаты: аналармен балаларды бір- біріне жақындастыру.
3 ойын. Аялы алақан (тренинг).
Мақсаты: Ата—ананың баласына қаншалықты мейірім, уақыт бөлетінін анықтау, әр кезде уақыт тауып, мейірімділік көрсетуге баулу.
Іс-шара соңында аналар мен балаларға тәттілер үлестіріліп, кері байланыс жасалынды.

#біртұтас_тәрбие10

#даналықмектебі10

#аналармектебі10

#ұлттықмүдде10

#арұятқұндылығы10