Апталықтың жабылу салтанаты

16.11.23 күні “Тіл-халық қазынасы” тақырыбында ұйымдастырылған қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жабылу салтанаты болып өтті. Оқушылар өлең оқып, ән айтып, Абай атамыздың қарасөзіне, “Қалың мал” романы үзіндісіне қойылым қойды. Белсенді қатысқан оқушылар және сайыстардың жеңімпаздары марапатталды. Соңында “Атамекен” әнін барлығы хормен орындады.