«Арт-терапия — өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы» такырыбындағы шебер-сынып

Эстетикалық пәндер апталығы аясында өткен тағы бір іс-шара мұғалімдер үшін өткен “Арт-терапия – өнермен емдеу, шығармашылық терапиясы” такырыбындағы шебер-сынып. Шебер-сыныпты көркем еңбек пәнінің мұғалімі Койтбаева З.А. өткізді. Шебер-сынып барысында арт-терапия, оның түрлері, маңыздылығы туралы түсінік берілді. Тиімділерін тәжірибеде қолданудың пайдасы туралы толық ақпарат берілді. Мұғалімдермен шығармашылық жұмыстар орындалып, арт-терапияның тек емдеу үшін ғана емес, креативтің, шығармашылықтың дамуына көмектесетіндігі айқындалды. Тәжірибелік жұмыс кофемен сурет салу ұстаздар қауымына өте қатты ұнады. Әр ұстаз өздерін жаңаша қырынан таныды. Би терапиясы, музыка терапиясы, күлкі терапиясы, бейнелеу терапиясы өзара байланысып, шебер-сынып барысында
көрініс тапты Топқа бөлу, рефлексия, кері байланыс жасауда заманауи тик-ток әдісі қолданылды. Шебер-сыныптан әр ұстаз қоржындарына өздеріне қажет ақпараттарды ала алды.

#ашықсабақ

#пәндерапталығы

#эстетикалықпәндеронкүндігі

#өнер

#шығармашылықтерапиясы