Ата-аналар жиналысы: «Жаңа оқу жылында оқушыларды оқыту туралы»

Мектебімізде  ата-аналардың қашықтық режимдегі жалпы жиналысы өтті. 700-ден астам ата-ана қатысқан ата-аналар жиналысында жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды.

Жиналыс барысында ата-аналарға алдағы оқу жылының басы қалай ұйымдастырылатындығы, мектептегі білім беру форматтары туралы түсіндірілді.  Бастауыш сыныптарда ата-аналардың жеке өтініштеріне сәйкес «Кезекші сыныптарда» оқыту жоспарланып отыр. Мұндай жағдайда сынып жетекшілері ата-аналарға санитарлық-эпидемиялық талаптар мен оқушының мектепке келіп-кету және кезекші сыныптардағы оқу үдерісінің жүзеге асырылу тәртібі туралы түсіндірді. Жиында мектеп формасы мәселесі де сөз болды. 2020-2021 оқу жылы балалардың мектепке өзіне қолайлы әрі сырт көзге ерсі көрінбейтін киім киіп келуіне рұқсат етілген.