4 қазан МИФ бірлестігінің онкүндігінде математика мұғалімі Алиханова Г.С. 5В сыныбында «Дәреже» атты ашық сабақ өткізді.
Бөлім: 5.1 В Натурал сандардың бөлінгіштігі
Педагогтің Т. А. Ә. : Алиханова Гулсанам Самханқызы
Күні: 04.10.2022ж
Сынып: 5 “В”
Сабақтың тақырыбы: “Дәреже”
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
5.1.2.7. Бірдей сандардың көбейтіндісін дәреже түрінде жазу
Сабақтың мақсаты: Бірдей сан көбейткіштерін дәреже түрінде жаза алады. Осы сандардың дәрежесін есептер шығаруда қолдана алады. Дәрежеге байланысты мәтінді есептерді шеше алады.
Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу . Үй жұмысын сұрау. Оқушыларды топқа бөлу.
2) Өткенде сабаққа шолу жасау .” Блиц-сұхбат” әдісі
3)Ойлас, Жұптас ,Бөліс” әдісі
4)Жұптық жұмыс ( Функционалдық сауаттылық бойынша тапсырма) , Сергіту сәті
5) Жеке жұмыс ( деңгейлік)
6) Шығармашылық жұмыс (қорытындылау мақсатында)
7 ) Кері байланыс. Үй тапсырмасы
Қорытынды: Оқушыларды сандық ресурстар арқылы топқа бөлінді.Әрбір кезеңінде оқушылармен кері байланыс жүргізіліп отырды. Топ басшылар әрбір оқушының сабақтағы қатысуын бағалау парағына белгілеп отырды. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткенін есептер шығару барысында көрсете алды.











