Бастауыш сынып апталығы аясында ашық есік күніне орай 2 «Г» сыныбында ашық сабақ өткізілді.
Мұғалім: Камалова А.М.
Пәні: Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Жыл басына таласқан жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұны бойынша сахналық көрініс көрсете білу.
Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды.
психологиялық ахуал,ой қозғау, тест арқылы өткен сабақты пысықтау,жұппен жұмыс,топпен жұмыс, тұтас оқу,тауып оқу жұмыстары жүргізілді.
Сабақты қорытындылау барысында «Кинолента» әдісі арқылы ертегіні сахыналады,түйін жасалды.
Сабақта тапсырмалар смайликтер арқылы бағаланса,домбыра әдісі арқылы оқушылар өз-өздерін бағалады.
Кері байланыс: « Сөмке»әдісі арқылы жүргізілді.
Сабаққа оқушылар белсене қатысып отырды,жоспар бойынша барлық тапсырмаларға қол жеткізілді,сабақ өз мақсатына жетті.
Ата-аналар мұғалімге өз алғыстарын айтып,сабаққа кері байланыс жасалды.
#бастауышпәнмұғалімдеріапталық
