Бастауыш сынып апталығы аясында ұйымдастырылған ашық есік күніне орай 2 «В» сыныбында Математика пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Мұғалім: Досмаилова С.С.
Сыныпта:20 оқушы
Қатысты: 5 ата-ана
Сабақтың тақырыбы:Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты: Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін табуға, кері есептерді құрастыру және шығару, тура және жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/кем», «бірнеше есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты)
бір-бірінен ажырату.
Қолданылған әдіс –тәсілдер: Миға шабуыл: «Жұмыртқа»әдісі арқылы 2,3,4,5сандарының көбейту кестесіне қайталау жүргізілді.
«Ыстық картоп» ойыны арқылы ауызша есептеу жүргізілді.
Топпен жұмыс арқылы «Мағынаны тану» тақырыпты ашу, өзара кері есептер шығарды.
«Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» бойынша өрнекктің мәнін табу, сәйкестендіру және ою-өрнектің атын анықтау
Рефлексия сәтінде: «Wordwall»платформасымен логикалық тапсырмалар ұжыммен орындалды.
Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар өзін өзі бағалау жүргізді.
#бастауышпәнмұғалімдеріапталық



