Ашық сабақ

Бастауыш сынып апталығы аясында ұйымдастырылған ашық есік күніне орай 2 “А” сыныбында қазақ тілі сабағынан ашық сабақ өткізілді. Мұғалім: Садвакасова Л.Т. Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі. Сабақтың мақсаты: Зат есімге көптік жалғауларын жалғай аламын.

Сабаққа 7 ата -ана қатысты.

Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Психологиялық ахуал, “Фри әдісі” және “Пицца” әдісін қолданды, топпен жұмыс , жеке жұмыстары жүргізілді.”Доп және қақпақшы”, “Құлпынай жинау” ойындары өткізілді. Зат есімнің жекеше және көпше түрлерін ажырата алды.Сабаққа оқушылар белсене қатысып отырды,жоспар бойынша барлық тапсырмаларға қол жеткізілді, сабақ өз мақсатына жетті. Кері байланыс: “Алма ағашы”арқылы жүргізілді.

Ата-аналар мұғалімге өз алғыстарын айтып , сабаққа кері байланыс берді.

#апталықбастауыш

#10жббм

#бастауышпәнмұғалімдері

#ашықсабақ

#ашықесіккүні

#бастауышпәнмұғалімдеріапталық