Бастауыш сынып апталығы аясында ұйымдастырылған ашық есік күніне орай 1 “Б” сыныбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Мұғалім: Ибрагимова Т.С.
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Мақсаты: Оқу түрлерін қолдану
Мұғалімнің көмегімен сөз,сөйлем, мәтін құрастыру
Боулинг:сұрақ-жауап әдісі арқылы үй жұмысы сұралды, топтық жұмыста “Аквариум” әдісі арқылы сөздерді жазып, одан сөйлемдер жазып, мәтін құрастырды, оқу түрлері қолданылды, кері байланыста “Пирамида” әдісі пайдаланылды. Жеке жұмыста сөздік диктанты алынды, жұптық жұмыста буындардан сөз құрады.
Сабақ өз мақсатына жетті. Ата-аналар тарапынан кері байланыс жасалды.
#бастауышпәнмұғалімдеріапталық