“Үндестік” жобасы
“Даналық” мектебі
“Ұрпақққа аманат”
Ата-аналарды қолдау орталығы
Қостанай қаласы №10 жалпы білім беретін мектепте «Балам – бақытым» атты іс – шара 3 сыныптар бойынша ұйымдастырылды. Бұл іс – шара «Үндестік» жобасы, «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында жүргізілді. Іс – шараға 3 сынып оқушылары, ұстаздары және аналары мен әжелері белсене қатысты. Аналарға арнап әндер, тақпақтар айтылды. Сонымен қатар аналар балаларымен бірге түрлі ойындар ойнап, сынақтардан сүрінбей өтті. “Даналық” мектебінен әр сыныптан бір ата – ана «Үндестік» жобасы аясында өз тәжірибемен бөлісті. Атап өтсек: Қасқырбаева Мөлдір Ормантайқызы, Оспанова Айнур Ғабдоллақызы, Нуримова Венера Тухтамурадовна аналарымыз өз кезегінде оқушыларға ақпарат беріп, жұмыстарымен таныстырып өтті. Оқушылар қызыға тыңдады. Мұндай іс – шаралар ананың бала тәрбиесіндегі орнын айқындауға көп көмегін тигізеді.
#даналықмектебі10 #ұрпаққааманат #ұрпаққааманатжобасы10 #үндестікжобасы #ұлттықмүдде #ұлттықмүдде10 #арұят
@kst_bilim_bolimi
@kost__bilim
@oqu_agartu_ministrligi