«Бала құқығы- адам құқығы» онкүндік іс-шаралар

Мектепте  18- 28 қараша аралығында «Бала құқығы-  адам құқығы» онкүндік іс-шаралар өткізілді. Онкүндік іс-шаралар өту барысында «Заң балаларды қорғайды!» сынып сағаттарға ата-аналар, сот қызметкерлері кездесулерге келіп оқушыларға БҰҰ Балалар туарлы Конвенция туралы түсіндуру жұмыстарны жүргізді.  «Тұрмыстық зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу» тақырыбында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстел, кездесу, тренинг сабақтары  өткізілді.   Оқушыларға әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормаларын түсіндіру жөнінде тақырыптық әңгімелер мен дәрістерді мектеп инспекторы өткізді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң нормаларының кеңінен қолданылуына бағытталған іс-шараларды ұйымдастырылып өткізілді. Мұғалімдерге арналған  «Тұрмыстық зорлық-зомбылықты және кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметтің ролі» семинар өтті. 5-10 сынып оқушылардың арасында интеллектуалдық ойындар, білгіштер турниралар мен ойындар кеңімен әр сыныпта өткізілді.  «Конвенцияға – 30 жыл» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.