«Болашақ елдің тірегі – рухы асқақ зияткер қалыптастыру» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция

2020 жылдың 26 ақпан күні «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ «Болашақ  елдің тірегі – рухы асқақ зияткер қалыптастыру» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылып өткізілді.

Конференцияның мақсаты: дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың зияткерлік әлеуетін көтеруге ықпал ететін жағдай жасай отырып, ғылыми және жобалау іс-әрекетіне баулу, заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту.

Конференцияға Қостанай қаласы мектептерінің 1-11 сынып оқушыларының 95 ғылыми жұмыстары ұсынылды.

Конференция 2 бөліктен тұрды: конференцияның ашылуы және  секциялық жұмыс.

Конференция қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика, информатика, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, биология, химия, ағылшын тілі, Жер және ғарыш туралы ғылым, психология, физика, медицина секциялары бойынша мемлекеттік тілде жұмыс істеді.

Жеңімпаздар әрбір секция бойынша 1-4,  5-7 және 8-11 сыныптар аралығында 3 жас тобы бойынша анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды. Әр бір қатысушыға конференция қатысушысының сертификаты ұсынылды.

Конференцияға 14 секция бойынша 137 жұмыс, 145 оқушы қатысты.  Жүлделі 1- орынды-32 оқушы, орынды- 35 оқушы, 3-орынды- 42 оқушы иеленді. №9 және №29, №28,№10, №20 және №24 МГ мектептерінің оқушылары белсенділік танытты.