«Білімім – Отаныма!» тақырыбындағы жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты

Бүгін мектебімізде 1-10 сынып оқушыларына «Білімім – Отаныма!» тақырыбындағы жалпы республикалық бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

📚Сынып сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.

✅Сынып сағаты Әнұранмен басталды. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаевтың жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балаларының жетістіктері туралы видеоролик көрсетілді.

✅Әр сынып оқушыларының жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім жетістіктері атап өтілді.

✅Ал 9, 11 сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларынан эссе жазды.

#біртұтас_тәрбие10