Қыркүйек айының 5 жұлдызы “Тіл – қазына, сөз – байлық” тақырыбында мектеп қабырғасында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Оқушылар тіл туралы өлең оқып, домбырада күй тартылды. Мұғалім мен оқушылар арасында “Мақалды жалғастыр” ойыны жүргізілді. 9-11 сынып оқушыларына арналған эссе жазу байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. “ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИКТАНТ” 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілді.


