Дарынды оқушы айдары! Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математика лицейі» КММ-нің базасында 2024 жылдың 05 сәуірі күні Т.Е. Дәулетбаев атындағы “Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті – Қазақстанның табысты индустриялық-инновациялық дамуының кепілі” атты оқушылардың XI ашық өңірлік ғылыми – практикалық конференциясы өткен болатын. Осы аталған конференцияға мектебімізден 5 жұмыс бойынша оқушылар қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Нургазина А.Ж. жетекшілік жасаған
4 “б” сынып оқушылары Абдрахманова Айзере мен Шагатаева Алуа 2 орын иеленсе, Кәкімова Б.Д. жетекшілік жасаған 8 “а” сынып оқушысы Кунтуар Дилярада 2 орын иеленіп бір қуантты. Номинация бойынша 8 “а” сынып оқушысы Калимова Мадина, жетекшісі Жаппаосва К.А., 4 “б” сынып оқушысы Джикибаева Амина, жетекшісі Алатаева Д.Д. марапатталды. Ұстаздарымызбен, оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз, бағындырар шыңдарыңыз көп болсын!


