Мектебімізде “Денсаулық фестивалі” болып өтті. 2-11 сыныптардың қатысуымен өткен фестиваль қызықты әрі тартысты өтті. 2-4 сыныптар арасында көңілді старттар, ал 5-11 сыныптар арасында эстафеталық ойындар, жүгіру, ұзындыққа секіру, секіртпемен секіру, викториналық ойындар, арқантартыс секілді ойындар болып өтті. Жеңімпаздар марапатталды.











