«Ерлікке тағзым»

Ауған соғысының аяқталуының 35 жылдық мерейтойын атап өту мақсатындағы «Ерлікке тағзым» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу болып өтті. Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, отан үшін от кешкен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар мен әпкелеріміздің құрметіне өткен іс-шарада оқушылар өнер көрсетіп, келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ауған соғысы ардагерлері Утина Ботагоз Рахимжановна мен Қуаныш Кемелбеков ауыр да болса естен кетпес естеліктерімен бөлісті және оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

#біртұтас_тәрбие10 #ұрпаққааманатжобасы10