ҚР БҒМ аппараттық кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі 26 мамыр мен 19 маусым аралығында барлық білім беру мекемелерінде оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін Жазғы мектептер ұйымдастырылатынын хабарлады.
Жазғы мектепті ұйымдастыру
Жазғы мектепке қабылдау критерийлері:
- ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші талап етілді;
- Жазғы мектепте оқыту тегін негізде ұсынылды;
- сабақтарды ұйымдастыру үлгерімі нашар адамдарға баса назар аудара отырып жүзеге асырылды;
- сабаққа еркін формамен қатысуға болды;
Ұйымдастыру:
- Мектеп директорының Жазғы мектеп жұмысы туралы бұйрығы.
- Жазғы мектептің жоспары
- Оқушылар тізімі және сынып жиынтығы.
4. Оқу пәндерінің тізімі.
5. Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар.
6. Уақытша сынып журналдары.
7. Үй тапсырмаларының болмауы.
Жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы – 40 минут.
Сабақтар «Математика», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі», «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы», «Ағылщын тілі», «Биология», «Физика» пәндері бойынша өткізілді.
Оқушылар
Әр сыныптан 5-10 баладан. Барлығы 79 оқушы.
Қорытынды
Оқушылар жазда мектепке келіп білімдерін толықтыра білді. Қиналған тақырыптарына жауаптар тапты.




