2020 жылдың 17 қаңтарында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа барлығы 120 ата-ана қатысты. Жиналыста қаралған мәселелер:
- «Зиянды заттарды қолданудың алдын алу» (снюс, ылғалды, электронды темекі) /психолог Бекбусинова Г.Г./
- Педагогтерге қатысты “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңын бұзғаны үшін көзделген айыппұлдар. /ДТІЖО Койтбаева З.А./
- Әр түрлі мәселелер.
Мектеп психологы Бекбусинова Гүлнар Гилимовна «Зиянды заттарды қолданудың алдын алу» (снюс, ылғалды, электронды темекі) тақырыбында түсінік беріп өтті. Қазіргі таңдағы жастардың арасындағы снюс, ылғалды, электронды темекілердің сипаттамасына тоқталды. Құрамындағы зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы ақпарат бере келе, ата-аналарды балаларын қадағалап, мұндай заттарға деген әуестігінің алдын алуға шақырды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.А.Койтбаева Педагогтерге қатысты “Педагог мәртебесі туралы” ҚР Заңын бұзғаны үшін көзделген айыппұлдар туралы ақпарат берді.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарына керекті жауаптарын ала алды.


