“Жарқын жүздесу, сырлы сұқбат”

Республика күніне орай Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында “Жарқын жүздесу, сырлы сұқбат” атты іс- шарада жазушы, қаламгер Мейіржан Жылқыбаймен кездесу болып өтті.
Мейіржан Жылқыбай – жазушы. 1994 жылдың 14 мамырында Жамбыл облысы, Жаңатас ауылында дүниеге келген.
Балалар әдебиетіне таптырмас нағыз жанашыр жас қаламгер Мейіржан өзінің қарапайымдылығымен, тәрбиелігімен, шыншылдығымен оқушыларды өзіне баурап алды. Балалар өздерінің сұрақтарын қойды.
Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар жазушы Дулат Исабековтың алғысөзімен 2008 жылы жас талапты жазушы Мейіржан Жылқыбайдың “Тауға саяхат” әңгімелер жинағы баспадан жарық көрді. Сондықтан ел-жұрт мақтап, әдебиетшілердің назарына ілігіп жүрген жас жазушы Мейіржан Жылқыбаймен өткен кездесу оқушылар үшін жақсы бір кеш болды.
Кеш соңында №10 жалпы білім беретін мектебіне “Тауға саяхат” әңгімелер жинағын сыйға тартты.

#қыранелімҚазақстаным!

#ДеньРеспублики

#РеспубликаКүні