Мектебіміздің 7 “А” сынып оқушысы Ерғали Нұрдәулет “Мейрам” балалар киностудиясында білім алып, “Ханшайымдар” атты жобада фильмге түсіп, YuoTube жобасында ерекше образын жоғары дәрежеде алып шығып, өзін белсенді көрсеткені үшін алғыс хатпен, мадақтамамен марапатталды. Жас актерді актерлік шеберлік, сахна тілі мен мәдениетін меңгеріп,кино түсіріліміне қатысудағы алғашқы қадамымен құттықтаймыз. Әрі қарай өнерін шыңдап, отандық киностудияларда керемет өнер көрсетіп, биіктерден көрінуіне тілек білдіреміз. Талабы таудай болсын!🥳🥳🥳



