2019 жылдың 11 қазаны күні «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ базасында «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы болып өтті. Жарысқа мектептің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері 10, 11 сынып оқушыларынан құралған командалар қатысты. Жарыстың мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбиені сіңіру және бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру. «Жас сарбаз» клубының жетекшісі Өсіп Ерсін Казтаевич жарыстың кезеңдерін материалдық жағынан түгел қамтып, мұқият дайындаған. Командалар да өз кезегінде жарыстың шарттарына жақсы дайындықпен келіп, өздерінің шымыр, епті екендіктерін дәлелдеп, шапшаңдықтарымен көзге түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 10 сынып құрама командасы 1 орынға, 11 сынып құрама командасы 2 орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
