“Жақсылық жасауға асығыңыз!” қайырымдылық жәрмеңкесі

Биыл Жаңа жыл қарсаңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады.

Мектебімізде “Балалар жылы” аясында “Жақсылық жасауға асығыңыз!” қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.

Мақсаты :
• оқушылардың, ата-аналар мен педагогтардың ұжымын қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесуге шақыру;
• білім алушылардың, ата-аналар мен педагогтардың ұжымын біріктіру;
• өскелең ұрпақты еңбекке тәрбиелей отырып, адамгершілікке, мейірімділікке баулу;
• оқушылар арасында қайырымдылық идеяларын тарату.

Жәрмеңкеге белсене қатысып өз үлестерін қосқан ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларға алғысымыз шексіз!