Жаңа жыл – бұл балалардың асыға күтетін мерекесі. Аяз ата мен ақшақар, сүйікті ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесетін ғажайып күн.
Мереке қарсанында мектебімізде «Жас Ұлан» балалар ұйымы бірлестігінің ұйымдастыруымен және демеушінің көмегімен қайырылымдылық акциясы өткізілді. Мектеп Президенті Нүсіпқан Жасұлан бастаған топтың бірлесуімен 5 отбасының оқушыларына тәтті сыйлықтар, LEGO конструкторлары мен киімдер табысталды. Бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.