«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» және «Төтенше жағдайлар және олардан сақтану жолдары» атты тәрбие сағаттары

Мектебімізде 09.09-13.09.2024 аралығында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» және “Төтенше жағдайлар және олардан сақтану жолдары” атты 0-11 сыныптарында тәрбие сағаттары өтуде. Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету; жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу; оқушылардың ой — өрісін, сана – сезімін, өзін — өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын дамыту. Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру;