«Жүргізуші! Есте сақта және ойлан!» акциясы

Қараша айының 12-17 күндері аралығында, Дүниежүзілік ЖКО-ларында қаза болғандарды еске алу және «Жүргізуші! Есіңде сақта және ойлан!» қоғамдық акциясы өтті.

Акция аясында бірқатар іс-шаралар,  0-4  сынып оқушылары,  5-11 сынып оқушылары және ата-аналардың қатысуымен бірге келесі іс-шаралар  ұйымдастырылды. Атап айтсақ:

 – 13 қараша – жол жүру қауіпсіздігі туралы мультфильмдер және роликтер көрсету; Жол белгілері туралы суреттер көрсету.

– 14 қараша балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарында айтылып өтті. Ата аналарға насихат, дәріс, түсіндіру, айту жұмыстары жүргізілді.

– 15 қараша – «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» акциясын өткізу, жолда жүру қауіпсіздігі туралы парақшалар таратылды.

Акция барысы мәселелері бойынша республикалық және өңірлік БАҚ-да  “Жүргізуші! Есте сақта және ойлан” ұранымен мақала түрінде газеттерде жарияланатын болады.