ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорттық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті – бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, жағымды имиджді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, көпшілікті дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға тарту.
