“Кел, балалар, оқылық!”

Білім күніне орай мектепте салтанатты жиын болып өтті. 2021 жыл тарихқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы болып енеді. Сол айтулы мереке қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін бүгін ерекше күн болды.
Бүгінгі іс-шарада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалған бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы «Әліппе» салтанатты түрде табысталды.