Конституция сабақтары

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ-де 2020 жылдың 4-8 қыркүйегі аралығында 1-4 сыныптар арасында «Конституция сабақтары» өткізілді. Штаттық режимде өткізілген 7 сабаққа барлығы 102 оқушы қатысты. Сабақтарда ойын, пікірталас, ассоциативті қатар, атаулар кестесі, т.б. әдіс-тәсілдер қолданылып, оқушыларға ҚР Конституциясының маңыздылығы түсіндіре отырып, патриоттық тәрбие берілді. Қашықтықтан өткізілген 12 сабаққа барлығы 165 оқушы қатысты. Қашықтық форматта «Конституция сабағында» презентация, видеоролик, суреттерді қолдана отырып, ватсап, ZOOM платформаларында тиімді өткізілді.