«Кіші елге тағзым»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы жоспарға, «Қазақстанның рухани киелі жерлері. Қазақстанның сакралды географиясы»  арнайы жобасынасәйкес, кіші Отанымыздың көрікті жерлеріне саяхат ұйымдастырылды. Саяхат мақсаты – Қазақстанның, соның ішінде Қостанай облысының киелі, көрікті, тарихи-мәдени орындарының тарихымен танысу. Қаламыздағы Ы.Алтынсарин және облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа шыққан 9, 10, 11 сынып оқушылары саяхатта алған әсерлерімен бөлісіп, өз шығармашылығымен эссе жазды.