«Күзгі бал – 2018»

Биыл мектебімізде ерекше Күз мерекесіне арналған апталық ұйымдастырылды. 5 – 7 сыныптар арасында және бірінші рет бастауыш 2-4 сыныптарында, «Күзгі бал – 2018»  байқауы өтті.

Әрине, барлық сыныптар тапсырманы орындады, тапсырмаларды орындаған сыныптар мадақтама қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, 3 «В», 5 «В» сыныптары «Бас жүлдені» иеленді. Қалған сыныптар: І, ІІ, ІІІ орындарға және номинацияларға ие болды. Концертімізге қонақтар көп келді, әр сынып өз қатысушыларының жанкүйерлері атанды.