«Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз!»📚📚📚📖📖📖


“Балалар кітапханасы”, “Оқуға құштар мектеп ” жобалары аясында “Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз!” акциясы өтуде. Оқушылар осы акцияға белсене қатысып, ұсынылған кітаптардан күзгі демалыста 1-2 кітапты оқып шығу керек. Жас ерекшелігіне қарай тұжырымдамаға сәйкес кітаптар ұсынылады. Акцияға қатысушы мектебіміздің 8 “Б” сынып оқушысы Қуанышбек Мағжан Міржақып Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” романын оқып шығып, көпшілікке өзінің дайындаған буктрейлерін ұсынады. Сізге де аталмыш романды оқып шығуды ұсынамыз.

#біртұтас_тәрбие #балаларкітапханасы #оқуғақұштармектеп

@kst_bilim_bolimi