«Күз мерекесі»

2019 жылдың 14.10.-18.10.19  аралығында Күз мерекесіне

арналған іс- шаралар ұйымдастырылып,  жоспар бойынша өткізілді.

Мақсаты: кіші топтағы, бастауыш сынып оқушыларын күз әлемінің ерекшеліктерімен таныстыру, орта буын, жоғары сынып оқушыларының табиғатты аялап, күтуге баулу, экологиялық білімдерін арттырып, оқушылардың ұйымшылдығын, қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту.

МДС және 1 сынып оқушылары үшін Т.Нұржанова «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» сурет, қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге барлығы 65 жұмыс ұсынылды.  Тәрбиеленушілер мен оқушылар табиғи материалдардан, жеміс-көкөністерден түрлі бұйымдар мен композициялар жасады. Күзгі пейзажды суреттеді. Көрме байқауы қорытындысы:

Сынып Орын
1 МДС «Б» Бас жүлде
2 1 «А» 1
3 1 «Б» 1
4 1 «В» 2
5 МДС «А» 2
6 2 «Б» мадақтама

2-4 сыныптар үшін С.С.Досмаилова топтық сайыс түріндегі іс-шараны өткізді. Сайысқа 2-4 сыныптардың құрама командалары қатысты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Топтар кезең тапсырмаларын бірлесе орындап, сайыс кезеңдерінен сүрінбей өтті. Сайыс қорытындысы бойынша топтар марапатталды. Сайыс барысында өнерлі оқушылар өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.

5-7 сыныптар арасында өткен «Күз аруы-2019» сайысының қорытындысы:

Сынып Орын
1  6 «В» Бас жүлде
2  6 «Б» Номинация
3  6 «А» Номинация
4  5 «А» Номинация
5  5 «В» Номинация
6  7 «Б» Номинация

8-11 сыныптар арасында өткен «Күз ханшайымы мен ханзадасы» байқауының қорытындысы:

Сынып Орын
1 9 «А» Бас жүлде
2 11 «А» Номинация
3 8 «А» Номинация
4 8 «Б» Номинация
5 9 «В» Номинация