«Күй мұрасы-домбыра» атты тағылымдық әдеби шығармашылық сыныптас тыс іс-шарасы

Эстетикалық пәндер апталығының өтуіне байланысты «Киелі домбыра» үйірмесі өз тарапынан «Күй мұрасы-домбыра» атты тағылымдық әдеби шығармашылық сыныптас тыс іс-шарасын ұйымдастырған болатын.

Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл – пәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ Домбыра – деп көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі айтып жырлап кеткен бабамыздың қасиетті де, киелі домбырамызды. Тарихқа толы күйлерімізді айтумен қатар. Ұлттық аспабымыздың шығу тарихымен қатар, домбыра аспабының құрылысымен, оның түрлерімен таныстырып айта кеттік. Сонымен қатар ұлы атақты күйшілеріміз, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы, күй анасы Дина Нүрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы мен Тәттімбет Қазанғапұлының өмір жолдары мен шығармашылықтарын сөз еттік.

   «Киелі домбыра» үйірмесінің ішінен құрылған, кіші топтарымыз «Шабыт», ортаңғы топыбыз «Домбыра дастан» және де үлкен топтарымыз «Жас толқын» атты домбырашылар ансамбілдері бар. Жас болсада қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орындарды  иелетіп келеді. Қазақ халық күйлерімен қатар, ұлы композиторларымыздың күйлерін және де қазіргі композиторларымыздың көптеген күйлерін ойнап, домбыра аспабының қыр-сырын меңгеріп өз өнерлерін көрсетіп келеді. Бүгінгі өткен іс-шарамызда Халық күйі «Тепен көк», Құрманғазының «Балбырауын», Динаның «Науысқы», Қ.Әбішевтің «Той бастар», Тұран ансамблінің күйі «Ер Тұран» Б.Ақтайдың «Алаш аманаты» атты күйлері орындалды.

#ұлттықөнер #ұлттықмүдде

#біртұтастәрбие #апталық