Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» 2024 жылдың 26 қаңтарында «Ашық есік күнін» өткізді. Бұл шараға мектебіміздің 9 сынып оқушылары қатысты. Оқу орнына түсудің қыр-сырымен танысып, ондағы мамандықтардың өмірмен байланысына көз жеткізіп, машықтану бөлімін көріп қайтты.








