Мейірімділік пен қайырымдылық адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Соңғы уақытта мейірімділік танытып, қайырымдылық шараларын қолға алып, іске асырып жатқан көптеген ұйымдардың ашылып жатқаны қуантарлық жағдай. «Бала – болашағың» – деп, дана халық бекер айтпайды. Сол болашақтың тұманданып қалмай, жарқын болуы сіз бен біздің жүрегіміздегі мейірімділікте. Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен көптен бері жүзеге асып, оң нәтижесін беріп жатқан керемет жобаның бірі «Мектепке жол» акциясы. Осы акцияның арқасында қазақстанның түкпір түкпірінде көмекке зәру, мұқтаж қаншама көп балалы, жағдайы төмен отбасы балаларының жүздеріне күлкі үйірілді.
1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы бойынша күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіліп, қажет киімдер мен мектеп формалары, оқу- құралдары алынды.
Жалпы оқыту қорынан 119 400 теңге бөлініп, жекеленген санаты бар 10 оқушыға қажет киімдер, мектеп формасы және оқу –құралдары алынды. Мектеп ұжымы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы демеушілігімен 43 000 теңге көлемінде қаражат бөлініп, 5 оқушыға аяқ киімдер мен оқу –құралдары алынды. ЖК «Ахметованың» демеушілігімен 1 оқушыға мектеп формасы алынды.Сонымен қатар қала әкімінің демеушілігімен потранат тәрбиесіндегі оқушыға мектеп формасы, спорт киім , аяқ киімдер алынды.
Республикалық «Мектепке жол» әзірлік іс-шарасына белсене ат салысып, мейірім айында мейірімділік танытқан азаматтарға мың да бір алғыс демекпіз.
Ұрпақ болашағына жол ашқан акция одан әрі жалғасып, балалардың мерейін өсіріп, ертеңгі күнге деген берік сенімін қалыптастыруда.