Мектепішілік «Абай оқулары»

2019 жылдың 1 ақпаны күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3-8 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Абай оқулары» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген оқушылардың ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

Оқушылардың әрқайсысы таланттарын танытып, Абайдың «Жаз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Өлең сөзден патшасы, сөз сарасы», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» және «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б. өлеңдерін жатқа айтып, шеберліктерін паш етуге тырысып-бақты.

10 сынып оқушысы Таңатқанова Айым мен 4 сынып оқушысы Есболатова Дария Ұлы Абайдың өлеңдерін нақышына келтіріп орындап, көрермендер көңілінен ерекше орын алды.

8 сынып оқушысы Досова Дильназ Абай атамызға өз өлең жолдарын арнады.

Әділ-қазылар алқасының шешімімен «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойыныша:

Бастауыш сыныптар  арасында

Бас жүлде – Қанатқызы Жансая 3 «В» сыныбы;

1-орын – Кадыржанова Сабина 3 «А» сыныбы, Кенесбай Нұрдаулет;

2-орын – Күнтуар Диляра, Нұрғожа Алан, 3 «А» сыныбы;

3-орын – Әлібекқыз Назерке 2 «Б» сыныбы, Қуанышбек Інжу 3 «В» сыныбы, Баянбаева Амира 1 «А» сыныбы.

«Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясы бойынша:

1-орын – Есболатова Дария 4 «В» сыныбы.

5-8- сыныптар аралығында

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Қасымхан Гүлім 7 «А» сыныбы;

1-орын – Зарқым Мөлдір 7 «Б» сыныбы;

2-орын – Жангарина Аружан 6 «Б» сыныбы;

3-орын – Есмағызам Марал 7 «       А» сыныбы, Казбекова Томирис 8 «В» сыныбы.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша:

Бас жүлде – Досова Дильназ 8 «В» сыныбы;

1-орын – Абеуирова Алима 4 «В» сыныбы.