“Мектеп аруы -2023” байқауына қатысқан аруларымыз өз өнерлерімен, білімді, инабаттылығымен көрермендерді тәнті етті. “Мектеп аруы-2023” – Абеуирова Алима; “Вице-мисс-2023” және “Білімді ару” – Мухамедгалиева Гаухар; “Өнерлі ару-2023” – Кошкинбай Аружан; “”Инабатты ару-2023” – Галиаскарова Аделия; “”Сымбатты ару-2023” – Кубекова Ясмина; “Зерделі ару-2023” – Есенбай Жансая. Аруларымыз өздерін таныстырудан бастады.Өз өнерлерін көрсету кезеңінде әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертіп, мың бұрала биледі монолог оқып, сахналық қойылым қойды. Сән байқауында да аруларымыз қазақ қыздарына тән қазақилықты әсем жеткізе білді. “Зерделінің ойы озық” кезеңінде сұрақтарға ұтқырлықпен жауап беріп, білімділіктерін дәлелдеді. Аруларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
@goo_kostanai@urazbaeva__gulsim