«Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары

Сынып сағаттары  2020 жылдың 21 тамызында жаңа 2020-2021 оқу жылында білім алушыларды оқыту форматтарымен таныстыру мақсатында қашықтықтан өткізілді. Сынып сағаттарына жалпы 716 оқушы қатысты. Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндірді:

1.Карантиндік шаралар кезіндегі оқыту форматтары;

2.Қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет-платформаның мүмкіндіктерімен танысу;

3.Мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік);

4.Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі;

5.Интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.