5 «А» сыныбында «МИФ» апталығы аясында «Жас информатик» білім сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру,шығармашылық қабілеттерін дамыту, бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу.
Сынып екі топқа бөлінді.Топтың аты және топтың капитаны сайланды. 5 турдан тұрған сайыста, топтар жоғары дәрежеде білім көрсетті.
Сайыстың нәтижесінде «Қыран» тобы алға шығып, жеңіске жетті. Сайыс соңында топты құттықтап мақтау қағазы және тәтті сыйлықтар табысталды.
#мифапталығы
#информатика
#математика
#апталық
#10жббмапталық


