МИФ онкүндігі «Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» коучинг

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Педагог қызметінің жалпы және  кәсіби құзырлығын  қалыптастыруда  әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.

  • Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.
  • Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі.
  • Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;
  • Оқу материалдарын тиімді меңгеру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өмірде қолдана алады.

ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ: ұйымдастыру, мақсаты мен міндетін таныстыру, табыс критерийлерін белгілеу, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалымен таныстыру, рефлексия жасау, кері байланыс.