«Мұражай бұрышы» акциясы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен «Өлкетану» базалық бағытының аясында мектеп оқушыларын өз қаласына, өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне және тұрмысына, Отан алдындағы адамгершілік борышына деген сүйіспеншілігін, мақтанышын, адалдығын, патриоттық сезімдеріне тәрбиелеу мақсатында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ-де ағымдағы жылдың 5-15 қазан аралығында «Мұражай бұрышы» акциясын өткізді.

Ұсынымдарға сәйкес акция шеңберінде іс-шаралар жоспарланды.

16.10.2019 жылға дейінмектептің http://sch10.edu.kz/ сайтындағы «Рухани жаңғыру» айдарына акцияның өтуі туралы хабарландыру жарияланды.

Мектепте 1-11 сыныптар арасында “”Ұлы Дала” атты ежелгі өнер және технологиялар музейі” немесе “Ұлы Даланың құндылықтары” тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

«Мен сені мұражайға апарамын» актив мектебі Ы.Алтынсарин кесенесіне саяхатқа барды. 5-6 сынып оқушыларымен «Өлкетану» диктанты өткізілді.

Тарих пәнінің мұғалімі А.С.Карпикованың ұйымдастыруымен  11 сыныптар арасында өткен «Өз өлкеңді сүй және біл» эрудиттер турнирі тартысты әрі қызықты өтті.