Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 02.09.2020 жылғы № 3-15-6/3214-и, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 04.09.2020 жылғы № 4524 хатымен сәйкес Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 14-21 қыркүйек аралығында “Отбасы – бақыт мекені”республикалық аптасы болып өтті. Апталық барысында 1-11 сыныптарда отбасылық құндылықтарды қастерлеу мақсатында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Ал мектептің инстаграм парақшасында «Менің отбасым» фотогалереясына виртуалды шолу ұйымдастырылды.
