«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына», – деген қанатты сөз бар. Абай атамыз: «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге», – деп насихаттайды. Осындай терең мағыналы сөздерден «кітап оқу – кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі» екенін түсінуге болады. Осы мақсатта мектепте 20 минуттық кітап оқу ұдайы түрде жүзеге асуда. Білім алушылар өздеріне ұнаған кітаптарын оқып, талдап, білімдерін толықтырады.
2 “В” сыныбы
Сынып жетекшісі: Досмаилова С.С.
#балаларкітапханасы
#оқуғақұштарлық
#оқуғақұштармектеп
#біртұтас_тәрбие