«Оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу: практика, іс-әрекет» атты Республикалық семинар-практикум

2019 жылдың  6,7-ақпан күндері мектебімізде  «Оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу: практика,іс- әрекет» атты Республикалық семинар-практикумын  жаңартылған білім мазмұнын енгізуді аппробациядан өткізудегі республикалық пилоттық мектеп директорларының қатысуымен өтті.

Семинар-практикум мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында инновациялық педагогикалық практиканың өзекті  мәселелері бойынша тәжірибе алмасу .

Семинар-практикум қатысушылары: Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізуді апробациядан өткізудегі республикалық пилоттық мектеп директорлары

Семинар-практикумның тақырыбы жаһандық маңызы бар. Оқытудың  жаңартылған  мазмұнын  енгізуді зерделеу мен тәжірибелердің  басын қосудың мәні –  бұл жаңа білім  беру барысындағы  іс-әрекет ,  тәжірибе, ізденіс. Сондықтан бұл өткізіп жатқан семинар-практикумның өзіндік ерекшелігі бар, мұнда оқыту мен оқуды жақсарту жөніндегі мәселелерді талқылау үшін қатысып отырған серіктестер, қонақтар  жоғары оқу орны мен мектеп басшылары кездесіп , ой  бөлісуге  тамаша мүмкіндік болды.

Аталған жиынға келген

-Ақтөбе облысы, Ж.Мырзагалиев атындағы орта мектебі

-Атырау облысы, М.Ыксанов атындағы  № 36 орта мектебі  Орал қаласы,

-Қарағанды қаласы №3 мектеп –гимназиясы,

– Павлодар облысы Майкаин № 1  орта мектебі,

– Түркістан  облысы Созақ мектеп гимназиясынан келген  мектеп басшылары өз тәжірибелерімен   бөлісті.

Сондай-ақ семинарға  облысымыздың білім саласындағы жаңартылған білім беру жағдайы қалай жүзеге асрлып жатқандығы жайында білім беру ұйымдарының өкілдері , атап айтсақ: Қостанай облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің әдәстемелік кабинет басшысы ,педагогика ғылымдарының магистры Т. И. Набатникова, Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы В.А. Цымбалюк ,Қостанай педагогикалық колледжінің директоры  Уразамбетова Г. У. Қостанай қаласы физика –математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  директоры Д.Н. Сапаков, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры , Е.А. Онищенко тренері Б.К.Ардабаева  алқалы жиында ойларын ортаға салды.