Қаңтардың 17-і күні №10 ЖББМ-де “Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына” тақырыбында сынып жетекшілерге арналған оқыту семинары болып өтті. Семинар жоспары:
- “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” жүзеге асырылуы. 1-жарты жылдық қорытынды. Койтбаева З.А.
- Ата-аналармен өткізілетін сыныптан тыс іс-шаралар және ата-аналар жиналысында қолданылатын әдіс тәсілдер. Нургазина Айгерим Жумагазиновна, Камалова Айнұр Магзумовна, Жаилганова Акжибек Мырзаболатовна.
Семинар тақырыбына арқау болып отырған “отбасы” – бала тәрбиесінің басты факторы ретінде өскелең ұрпаққа толыққанды өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге арналған. Балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуінің тиімді жолдарын анықтау ата-аналардың білімге қатысуын кеңейтудің заманауи тұжырымдамаларына көмектеседі. Осыған орай жаңа оқу жылынан бастап мектеп базасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істеуде. Орталық ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді. Орталықтың қызметі позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған. Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламаларының мазмұны ұлттық құндылықтарға, балалар әл-ауқатының теориялық негіздеріне сүйенеді, олардың жас ерекшеліктерін ескереді. Семинар барысында ДТІЖО Койтбаева З.А. “Біртұтас тәрбие бағдарламасының” жүзеге асырылуы туралы ақпарат бере келе, 1-жарты жылдық бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Келесі кезекте сөз алған сынып жетекшілер Нургазина Айгерим Жумагазиновна, Камалова Айнұр Магзумовна, Жаилганова Акжибек Мырзаболатовна аналармен өткізілетін сыныптан тыс іс-шаралардың жаңа форматтарымен және ата-аналар жиналысында қолданған жаңаша әдіс тәсілдерімен бөлісті. - #біртұтас_тәрбие10 #даналықмектебі10 #СЖӘБ #отбасытәрбиесі