2019 жылдың 13 – сәуірінде мектептің әдістемелік жоспарына сай еңбек жолын биыл бастаған мұғалімдер арасында «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЛИМП» ЖАС МАМАНДАР БАЙҚАУЫ ұйымдастырылып өтті.
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
• талантты жас мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру;
•жас педагогтарды зияткерлік және шығармашылық қызметтің жаңа түрлерін іздеуге ынталандыру және қолдау;
•жас педагогтардың мамандық саласында кәсіби байланыс аясын, тәжірибесін және көзқарасын кеңейту;
•қазіргі заманғы жас мұғалім туралы қоғамда оң пікір қалыптастыру.
- «Менің мамандығым -мұғалім!» өзіндік презентацияға қойылатын талаптар.
Тақырыпты қорғау – 5 минут, әділ-қазылар сұрақтарына жауап – 3 минут. Белгіленген уақыт ішінде байқауға қатысушылар алдыңғы қатарлы педагогикалық идеяларды, өмірлік басымдықтарды, балаларға, әріптестерге және мамандыққа қатысты көзқарастарын ашып көрсетуі керек.
1.1. Өзіндік презентацияны бағалау критерийлері:
– өзіндік ерекшелігі (жеке стилі);
– жалпы интеллектуалдық және мәдени деңгейі;
– педагогикалық шеберлігі;
– презентация мәдениеті;
– уақыт тәртібін сақтауы.
2. «Менің өмір сүретін әлемім» шығармашылық нөмірге қойылатын талаптар. Байқауға қатысушылар еркін тақырыпқа өзінің шығармашылық нөмірін ұсынады (ән, әдеби- музыкалық композиция, би және т.б.). Қатысушының қорғауы 3 минуттан аспайды.
2.1. Шығармашылық нөмірді бағалау критерилері:
– шеберлігі;
– образға ену, сезімталдықпен жеткізуі, өзін ұстау қабілеті;
– шығармашылық жұмыстың өзіндік ерекшелігі;
– қорғау мәдениеті.
Сондай-ақ байқау барысында қазылар алқасы байқауға қатысушының іс-қызметіне келесі көрсеткіштер бойынша баға береді:
– мемлекеттік білім стандарттары талаптарына сәйкес білім беру үрдісінде мазмұнды және технологиялық әдістер, жаңа қолданыстар, тәсілдер қолданудағы іс-қызметі;
– байқаушылардың шығармашылық қабілеттері, өзіндік кәсіби көзқарасын жеткізе білуі;
– жеке кәсіптік қасиеттері: шығармашылық қабілеті, импровизация, жеке шығармашылық дағдысы, гуманистігі, демократишылдығы, ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттері.
Аталған іс-шараға 4 жас маман қатысып , өздерінің алғашқы педогогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Байқау нәтижесі бойынша қалалық кезеңге биология пәнінің мұғалі Кәкімова Баян Дулатқызы жолдама алды .



